Елбасы жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде Н.Ә.Назарбаев: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», - деп жиі ескертеді.
Осыған орай жастарға жаңа жұмыс жолында қолдау көрсету мақсатында Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайында жас мамандарға арналған «Креативтілік» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты, ол бірегейлілікті, ұшқырлық пен ойлау қабілетінің жан-жақтылығын дамыту, шығармашылық ойлауды үйрету.
Креативтілік – замануи қоғамда ұтқырлықты, коммуникабельділікті және көпмәдениетті режимде жұмыс істеу қабілетін бағалайтын сапа.
Егер креативті ойлау қабілеті жақсы дамыған болса, бұл тұлғаның қандай артықшылықтары бар? Біріншіден, күйзеліске төзімділіктің артуы; екіншіден, креативтілік уақытты үнемдейді; үшіншіден, шығармашылық ойлау жаңа немесе жақсы ұмытылған ескі нәрселерді жасауға мүмкіндік береді; креативтілікті дамытудың төртінші себебі – өзін-өзі бағалау сияқты ресурсты құру «мен мұны жақсы және тез жасай аламын» деген құрылым түрінде мықты платформа жасайды. Өз күшіне сенім білдіре отырып, әркім өзінің жеке және кәсіби өсуіне ықпал ете отырып, өз мүдделерінің, іскерлігінің, байланыстары мен талаптарының аясын кеңейте алады.
Тренинг барысында әртүрлі ойын, ситуациялық сұрақтар, психологиялық жаттығулар, тапсырмалар орын алды. Олар: «Кіріңіз» жаттығуы, бұл жердегі мақсат: әрекеттің әдеттегі нұсқасы әрқашан жалғыз емес екенін түсінуге көмектесу; «Керемет зауыт» жаттығуы, мақсаты: креативті ойлауды үйрену;
«Телефон номері» ойын, мақсаты: ұжымға креативті ойлауға және өз идеяларын ұсынуға үйрету; «Түрлі бейне» ойыны, мақсаты: қолда бар құралды пайдаланып тез шешім қабылдауға үйрету; «Піл, керік, қолтырауын», мақсаты; топта бірігіп жұмыс жасауға үйрену; «Бізді не байланыстырады» тапсырмасы, мақсат: топ мүшелерін біріктіру; «Сиқырлы қалта» рефлексия, мақсат: сиқырлы қалтадан алған ойыншықты өз отбасымен, өзінің жұмысымен, ұжымымен бірігейлігін, ұқсастығын табу.
Қорытындылай келе, креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық, бірегей емес ойлау қабілетін және ең бастысы – осы ресурсты өз тиімділігін немесе қоршаған ортаның тиімділігін арттыру мақсатында пайдалана білуін көрсететін қасиеті ретінде анықтауға болатынына көз жеткіздік.
Педагог-психолог Х.К.Искакова












