04.03. – 05.03.2019 ж. аралығында «Айналайын» бөбекжайында топтар арасында белгіленген кесте бойынша 8 Наурыз ертеңгілігі өткізілді. Балабақша бүлдіршіндері аналарына, әжелеріне арнап тақпақтар оқып, би билеп, ән салып өз өнерлерін ортаға салды. Мерекеге көгілдір Көктем және басқада да ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп, балалардың көңіл-күйін көтерді. Қызықты кейіпкерлер балаларды ойынға шақырып мерекені қыздыра түсті. Мереке соңында балалар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын тілек айтып, аналарына сыйлады.












