Наурыз айының 30-жұлдызында «Айналайын бөбекжай-бақшасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық зертханасының мүшелері «Бүлдіршіндерге арналған «Өжет қоян» атты ойын түріндегі қимыл-қозғалыс жаттығулары және музыканы қабылдау мен музыка әуеніне қосыла білу» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.
Шеберлік сыныбы Қоянды кейіпкер ретінде ала отырып, оның іс-әрекеттерін қимыл-қозғалыстармен сомдауды үйрету. Қимыл-қозғалыстарды есте сақтау қабілеттерін арттыру, дене сымбатын жаттықтыру.Музыка ырғағын есту және ұрмалы аспаптармен сол ырғаққа қосылу, дұрыс естуді қабылдауды жетілдіру мақсатында өткізілді.
Шеберлік сынып барысы зертхана жетекшісі хореограф, педагогтарды ортаға шақырып, шеңбер құрды. Шеңбер бойымен жүріп педагогтар әр-түрлі қимыл қозғалыстарды қайталап, музыка ырғағына сай және кейіпкердің мінезіне сай етіп орындап шықты. Мұнда педагогтарымыз кейіпкердің ролін сомдай отырып, ондағы қимыл-қозғалыстардың есте тез сақталып қалатынына әрі қызықты өтетініне көз жеткізді. Содан соң зертхана мүшесі музыка жетекшісі педагогтармен әрі қарай музыканы қабылдауды және сол музыка әуеніне қосыла білуді үйретті. Барлық педагогтарға ұрмалы аспаптан беріп музыка әуенін қосып, шағын оркестр ұйымдастырды. Мұнда педагогтар ұрмалы дыбысты есту арқылы ырғаққа, әуенге қосылудың өзіндік қыр сырларын үйренді. Шеберлік сыныбы ойдағыдай сәтті өтті десе де болады.
http://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/171-pedagogtar-a-arnal-an-sheberlik-synyp.html#sigFreeId9c875e6d63












