Наурыз айының 19 жұлдызында Ұлыстың ұлы күніне орай «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Қарлығаш» ересектер тобымен  «Наурыз – Жыл басы» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгіліктің мақсаты балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыруға негізделді.

Мерекеге орай ұлттық нақышта безендірілген  әсем залға балалар  ұлттық киімдерімен кірді. Наурыз мейрамына арнаған жыр шумақтарын кезектесіп айтып жатты. “Қыз қуу”, “Хан талапай”  сияқты  қазақтың ұлттық ойындарын балалар асқан қызығушылықпен ойнады.Ертегі кейіпкері Алдар көсе қонаққа келіп,балалардың өнерлерін тамашалап, балалармен түрлі ойындар ойнап, мереке көркін қыздыра түсті. Мереке соңында әжелеріміз шашу шашып, өз қолдарымен дайындаған наурыз көжеден дәм татуға шақырды.