2015 жылдың ақпан айының 5‑ жұлдызында « Өзін –өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінде «Күншуақ» ортаңғы тобында
«Әдептілік ‑әдемілік» әңгіме сағатты өткізілді.
Әңгіме сағатының мақсаты балаларды әдеп пен әдемілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға нақыл сөздер мен мақалдарды үйрету арқылы біз балалардың бойында жақсы қасиеттерді сіңіреміз.Адамгершілікке, ұқыптылыққа , әдептілік, достық пен сыйластыққа тәрбиелеу,ол әр ұстаздың, ересек адамның міндеті.
Тәрбиеші: шаттық шеңберіне шақырды, балалар бір‑бірімен амандасады.
Балаларды музыка әуенімен орманды саяхатқа алып барды.
Әдептілік мырзамен кездесті. Әдептілік мырза балаларды ойынға шақырды.
«Жаман мен жақсы» және «Сиқырлы сөздер» ойынына балалар белсене , қызыға қатысты.
Әдептілік‑бұлақтай
Тазалығы арыңның. Айгүл
Өлшемі –ол сынатпай
Бойыңдағы барыңның.
Сыйлап сәлем беремін, Ақерке
Үлкендерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген, Бексұлтан
Ата сөзі санамда –
Жасы үлкенге де жол берем.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз. Нұрай
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Әдепті бала ата –анасың мақтатар, Арай
Әдепсіз бала ата –анасын қақсатар. Диана
Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні. Дария
Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет. Айым.
«Күншуақ » ортаңғы тобының тәрбиешілері : А.А Досаева , Х.Б Саккулова












