«Айналайын» бөбекжай бақшасында «Күншуақ» ортаңғы тобында ашық ұйымдастырылған оқу –іс әрекеті болды.
Тіл дамыту пәнінен : «Ойыншықтар дүкені» тақырыбында өткізілді.
Ұйымдастырылған оқу іс‑ әрекетіндегі мақсатым : балалардың бойына іскерлік түрлерін қалыптастыру ,ойыншықтардың неден жасалған түрлерін білуге, диалог сөйлей білуге. Ойын кезінде бір –бірімен қарым қатынасы, сөздік қорларын дамыту, ойыншықтарды ұқыпты қолдануға, сыпайлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Балаларды шаттық шеңберіне шақырып, суреттермен жұмыс жүргізіп , балаларға тақпақтар айтқыздым. Ойыншықтар дүкеніне жол кедергілерінен өту арқылы, судан аттап, бірден беске дейін сандарды санау арқылы жеттік. Пердені ашқанда балалар таңғаларлық сәттің куәсі болды.
Балаларды сюжеттік‑рөлдік ойынды ойнауға шақырдым. Әр сатушы өз бөлімінде келген балаларға қызмет көрсетті. Алған ойыншықтарын касса бөліміне апарып, ақшаларын төледі. Сәлеметсіз бе, мінекейіңіз, алыңыз, рахмет, келіп тұрыңыздар, хош келдіңіздер, сау болыңыздар ‑деп бір‑бірлеріне, диалог сөздерді, сонымен қатар қостілділікті қолданып айтқыздым.
Балалар ойынға белсене қатысты. Өздеріне ұнаған ойыншықтарын сатып алғанына риза болды.













