Қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекесіне “Айналайын” балабақшасы “Ботақан” кішкентай бөбектер тобында “Наурыз құтты болсын” атты ертеңгілік өткізілді. Мерекемізге орай сахнамыз ұлттық нақышта безендіріліп, дастарханымыз молымен жайылды. Бөбектеріміз жыр-шашуларымен, билерімен қонақтардың көңілдерін жайдары етті. Сонымен қатар, ертегі кейіпкерлерімен ойын ойнап мерекеміз көңілден шықты.