2015 жылдың  ақпан айының 12 жұлдызында “Айналайын” бөбекжай-бақшасында Бөбек қорының негізін салушы және президенті “Өзін-өзі танудың авторы, Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған “Орманда табысқан достар” атты ертегісін  балаларға арнап, музыкалық әуен арқылы қуыршақ театрының қойылымы өткізілді.

Қуыршақ театрының ерекшелігі, қуыршақтар арқылы балаларға достық туралы және достар қандай болу керек екенін түсіндіру мақсатында  өткізілді. Бұл театрлық көрініс балаларға өте түсінікті және мағыналы болды.

Көрініс көрсеткен тәрбиешілер өз рөлдерін  шеберлікпен ойнай білді.        

Ертегіні зейін қойып мұқият тыңдап, сахналау арқылы мазмұнын игереп, кейіпкерлердің көңіл күйін сезінуді меңгерді. Балалар орманда адасып қалған күшіктің, орман аңдарымен достасқанына қатты қуанды. Ертегінің соңы көңілді және жақсылықпен аяқталды. Достар көп болған қандай жақсы, достық әрқашанда жеңіске жетеді.