Желтоқсан айының 25 күні “Айналайын” бөбекжай-бақшасында  «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерімен Жаңа Жыл мерекесіне арналған ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында әртүрлі кейіпкерлердің қатысуымен бірге балалар ән айтып, би биледі. Аяз Атамен бірге түрлі ойындар ойнап, сыйлықтар алды.