19-ші қараша күні «Айналайын» б\бақшасының «Ботақан» тобында «Қош бол,алтын күз!» атты күз мерекесі жақсы дайындықпен өтті. Ертеңгілік ата-аналарға, балаларға үлкен қуанышты күн болды. Ертеңгіліктің кейіпкері күз ханшайымы себетке салынған күз сыйын алып кірді, сұрақ және жұмбақтың жауаптарын алып, таңғалдырды. Қолшатырмен би билеп, көңіл күйлері көтерілді, Саңырауқұлақ және Бұлт балалардың ойынына белсене қатысты. Балалар шаттанып, қуанып, өздеріне мерекелік әсер қалдырды.
«Айналайын» бөбекжай-бақшасы.
«Ботақан» тобының тәрбиешісі: Шитебаева .Қ.С.












