Бұл ертеңгіліктің мақсаты өскелең ұрпаққа Наурыз мейрамы туралы кеңінен түсіндіріп, ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-гұрпын құрметтеуге үйрету. Балабақша тәрбиешілер ұйымдастырылып өткен іс-шараға бал тілді бұлдіршіндер мен қатар олардың ата-аналарыда белсене ат салысты. Ұлттық киім киіп «Наурыз көже» пісіріп, ұлттық салт дәстүрлердің «Бесікке салу», «Тұсау кесу» түрлерімен көрсетуі мерекенің көркін аша түсті. Ал, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Бірі мың бұралып би билесе, бірі әуезді әң шырқады.
Бұл ақ түйенің қарны жарылған күні балалар қуанышқа кенеліп, ұлттық ойындарды ойнады. Атап айтсақ: «Күш сынасу», «Асық көздеу», «Арқан тарту». Балалар арасында айтыс ұйымдастырылды, бұл жерде балалардың тілінің байлығы, сөз табу шеберлігі байқалды. Наурыз мерекесі балалар көңіліне үлкен құаныш, шаттық сыйлады.













