
Адамдар бар тым терең түсінігі,
Үлкендігі болса да кішілігі.
Ісінің бірі ілгері жылжымайды,
Кісінің кішірейсе кісілігі.
Н.Мұқатов
Көктем. Осы сөздің өзі адамға бір жылулық сезіндіреді, жаңа бастаудың алғашқы кезеңі екенін білдіреді.Ұзағынан билік жүргізген қарлы да аязды қыс, адамзатты шаршатты десекте болады. Эмоционалды көңіл күйдің төмендеуі, физикалық ауырлықтар адамдардың өзара қарым-қатынасына, жұмысқа деген қабілетіне кері әсерін тигізеді.
Көктем күнімен бірге жадырап, бойдағы шаршағанды басу, эмоционалды көңіл-күйді көтеру, өзара сыйластықты нығайту, сонымен қатар өз бойындағы жақсы қасиеттерді аша білу, өзіңдегі кемшіліктермен күресе білу мақсатында «Айналайын» балабақшасында ұжымдастармен «Менің мінез құлқым» атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг басы сәлемдесумен басталды. Қатысушылар тренинг барысындағы ойындарға белсенді қатысып отырды. «Екі өтірік, бір шындық», «Үш жануар», «Молекула» және тренинг соңындағы «Кір жуғыш машина» ойыны қатысушыларды одан бетер бір-біріне деген жылулық сезімдерін білдіруге көмектесті. Әр ойынның бүгінгі тақырыпқа беретін өз үлесі бар: біреуі көңіл күйді көтерсе, екіншісі адамның өз бойындағы қасиеттерді танып білуге көмектеседі және қатысушыны ойландырады. Трениг соңында қатысушылар көңіл күйлерінің көтеріліп, бір сілкініп қалғандары жайында өз ойларымен бөлісті.

Ал менің сіздерге тілерім:- әрқашанда көктем күніндей жарқырап, күлімдеп, өзара сыйластықтарыңыз артып, көктемнің алғашқы гүлі жауқазындай көңілдеріңіз пәк, сезімдеріңіз нәзік болсын.












