Байқау барысында қатысушы қыздар өздерін өлең жолдарымен таныстырудан бастап, өз өнерлерін ортаға салды. Кішкентай қыздарымыз аналарымен тағайындаған тағам түрлерін көрсетіп, әр түрлі заттардан тігілген киім үлгілерінен сән көрсетті. Байқау соңында қыздарымыздың бойындағы өнерлеріне тән Кисекеева Сымбатқа «Биші Ару», Тұрсымбек Томириске «Шебер Ару», Таткен Толғанайға «Сымбатты Ару», Амангелді Фатимаға «Көрікті Ару», Әбіл Гүлназымға «Өнерлі Ару»номинациясы беріліп, «Кішкентай Ару -2014» атағы Романова Алианаға берілді.













