31- қаңтар күні «Айналайын» бөбекжай-бақшасында «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы» тақырыбында семинар өтті. Семинарда балабақша әдіскері Дүрия Мырзабекқызы қазіргі инновациялық педагогикалық технологиялардың бірі - жобалау әдісі, оның мәні, құрылымы, балабақшаларда қолданылуы туралы айтып өтті. Балабақша педагогтары жобамен жұмыс жасаудың кезеңдерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында педагогтар топқа бөлініп, өздері таңдаған тақырыптағы жобаның макетін жасап, қорғады.













