«Ботақан» тобында оқу іс – әрекетінен тыс «Эстафеталық ойындар» атты жарыс өткізілді. Балаларды 2 топқа «Тұлпар» және «Қыран» топтарына бөлдік. Жарыс 4 бөлімнен өтті. Мұндағы мақсат балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Балалардың күш,  ерік-жігерлерін және психологиялық процестер мен адамгершілік қасиеттерін дамыту. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту. Ой – өрістерін дамыту.