26-27 желтоқсан күндері «Айналайын» бөбекжай-бақшасында Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жаңа жылым, қош келдің! » атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгіліктер балабақшаның барлық тобының бүлдіршіндеріне арналды. Жаңа жыл мерекесіне қонаққа Аяз ата, Ақшақар, орман аңдары:  Қоян, Аю, Түлкі, ертегі кейіпкерлері: Мыстан кемпір мен оның үйшігі, қарға және кіріп келген жаңа жылымыз Жылқы қатысты. Балалар кейіпкерлермен бірге ән айтып, би билеп, ойын ойнады.Мереке соңында Аяз ата балаларға әкелген сыйлықтарын үлестірді.