24-25 желтоқсан күндері Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Айналайын» бөбекжай-бақшасының мектепке дейінгі білім беру ұйымында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру процесіне тарту мақсатында жасалған «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбындағы жобасының ғылыми жетекшісі Сабит Сейітұлы Контаев балабақшамызда іс-сапарда болып, балабақша педагогтарына семинар өткізді. Семинарда балабақша ұжымы қолға алып отырған  инклюзивті білім беру туралы   педагогтарға толығырақ мағлұмат жеткізіліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру процесіне тарту үшін арнайы жағдайлар жасау қажеттігі айтылды. Педагогтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып,   инклюзивті тәрбие туралы білімдерін  толықтырды.