«Айналайын» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Баекешова А.О.  даярлық тобының  тәрбиеленушілерінің қатысуымен математика сабағынан «8 саны мен цифры» тақырыбында ашық ұйымдастырылған   оқу іс-әрекетін өткізді. Сабақты жүргізу барысында интерактивті тақтада тағайындалған әртүрлі қызықты тапсырмаларды орындатты. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет үстінде «күз ханшайымы мен бағбан» кейіпкерлері кіріп, балаларға тапсырмалар беру арқылы сабақтың қызықты өтуіне үлес қосты. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды орындату арқылы сабақтың мақсатына жетті.