26-27- қараша күндері «Айналайын» бөбекжай-бақшасында 1-желтоқсан Қазақстан тұңғыш Президенті күніне орай «Жұлдыз» естиярлар тобы мен «Балдырған» ересектер тобында «Қазақстан - менің Отаным» және «Менің Президентім» тақырыптарында әңгіме сағаттары өткізілді. Бұл әңгіме сағаттарында Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен, Қазақстанның көркеюіне оның қосқан үлестері, еңбек жолы жайында бүлдіршіндерге қысқа мағлұмат берілді. Балалар Отанға, туған жерге, тұңгыш Президентке арнап өлең жолдарын оқып, әндерін айтты.













