
Біздің балабақшада «Алтын Күз» атты апталық мерекелер өтуде.«Күншуақ» тобында «Сиқырлы алтын күз» атты ертеңгілігі үлкендерді ғажайып әлемге апарғандай болды. Ата-аналар ертегі еліне тап болып, балаларымен қуанып, шаттанып, жұмбақ шешіп, ойындар ойнап, би билеп алды. Балалар Күз ханшайымымен және Тышқанмен бірге сиқырлы шалқанды тартып, шығарып алып, оның ішінен шыққан алмаларға мәз болды. Әдемі әшекейленген зал, әдемі киінген балалар мерекелік әсер қалдырды.












