Күні:  10.12.2014 жыл.

ҰОІӘ: «Өзін-өзі тану».

«Әлеуметтік орта» білім беру саласы 

Тақырыбы:  «Мен елімнің кішкентай  азаматымын».

Бөлімдері:  қатынас,әлеуметтік орта,шығармашылық.

Мақсаты:

Білімділік: Жүйелі сөйлеуге,ойын толық жеткізуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанын сүюге,туған жері,елі жайлы білуге үйретуге тәрбилеу.

Қостілділік компонент:Дипломат-елші

Қажетті көрнекі құралдар: ҚР картасы,слайд.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бүгін біздің ҰОІӘ-з ерекше болмақ.

Олай болса шеңбер бойына жиналайық.Бәріміз бірге өлең жолдарын қайталайық.

Армысың лтын Күн,

Армысың  асыл Жер,

Армысың жан досым

Міне менің қолым

Жылуыңа жылу қос.

Бүгінгі біздің ҰОІӘ тақырыбы «Мен елімнің кішкентай азаматымын»

Балалар шеңбер бойына жиналып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

 

 

Іздену-ұйымдастырушы

Тосын сәт: Топқа елші кіреді.

-Сәлеметсіздер ме,балалар?Мені қайдан келді деп таң қалып тұрған шығарсыңдар.Мен дүние жүзін аралаған Елшімін..Олай аталу себебім бір жерде тұрақтай алмаймын.Қазақстандай ел бар екенін естіп,интернеттен қазақ тілін үйрендім.Енді сіздердің елдеріңізбен танысқым келеді.

Т:Ендеше сіз біздің қонағымыз болыңыз.Біз сізге елімізді,жерімізді таныстырайық.

-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

-ҚР елордасы қай қала?

-ҚР елбасы кім?

-ҚР қандай мемлекет?

 

Елші:Егееменді ел болған соң мемлекеттік рәміздері де бар шығар?

Т: Әрине бар.Қане балалар рәміздерге не жатады?

Дұрыс айтасыңдар балалар,еліміздің ашық аспандай көгілдір Туымыз,айбынды елтаңбамыз,мағыналы Әнұранымыз бар.

Елші:Әркім өзін Қазақстан азаматымын деп санаса,ол азамат білімді болу керек.Ана тілін құрметтеп,қадірлеуі керек.Кім ана тілі туралы тақпақ,мақал-мәтелдер  біледі?

Сергіту сәті.

Керегедей тізіліп,

Шеңбер құрып тұрайық,

Уық болып шаншылып,

Шаңырақты құрайық.

Киіз үйге ұқсадық

Орнымызды табайық.

Балалар,бүгінгі қонағымызға елімізді таныстыру мақсатында ойын ойнайық.Ойын ойнамас бұрын мен сендерді ҚР қалаларымен таныстырып,сол қалалаларда не өндірілетінін айтып өтейін.

Ойын: «ҚР қалалары арасындағы телекөпір»

Астана қаласының тобындағы балалар  Елорданың көрікті жерлерін айтып өтеді.

Тосын сәт: астана туралы тақпақ айту.

Алматы қаласының тобындағы балалар қаланың қандай сұлу да әсем екенін айтып,тақпақтарын айтады.

Көкшетау қаласының тілшілері танымал жерлерін көрсетеді.

Бағдарлама соңында балалар отанымызға қандай тілек айтады екен?

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Ойын: «Күннің шуағы»

Ойынның мақсаты:

Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру.

Жүйелі сөйлеуге баулу.

Ойын шарты:Тақтада күннің суреті бейнеленеіп тұрады. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы балалар күннің шуақтарын орнына орналастырады.

1.Сендердің қалаларың қалай аталады?

2. Біздің бақшамыз  қалай аталады?

3.Елордамыз қай қала?

4.Елбасымыз кім?

 5.Ұлттық тағамызды ата?

 6. Бақшамызда қандай ұлт балалары бар?

 7. Астанада қандай ғимарат бар?

9.Біз қай топтың балаларымыз?

 

.

 

Балалар Елшімен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-          Қазақстан Республикасында

-          Астана қаласы

-          Н.Назарбаев

-          Егеменді,Тәуелсіз мемлекет

 

 

 

Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші

Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі!

Бақыт құсы қонды  ғой,

Менің туған жеріме.

Тіліміз бен дініміз

Қайта келді еліме.

 

 

 

 

 

Өлең маөмұнына сай қимылдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әр қалаларға бөлінеді.

Астана қаласында  әсем ғимараттар көп.Олар Бәйтерек,Ақорда,Пирамида.

Балалар астана қаласы туралы тақпақ айтып береді.

Алматыда ескерткіштер ,мәдени орындар көп екенін,сонымен қатар Медеу мұз айдыны барын айтады.

Көкшетаудың сұлу табиғатын ұсынып,Отан турлы мақалдарын айтты.

-Отанымыз тыныш болсын

-Аспанымыз ашық болсын

-Туымыз биікте желбірей берсін.

 

Рефлексивті коррекциялаушы

Елші: Өте жақсы балалар туған жерлеріңді сүйеді екенсіңдер.Отан туралы көп  нәрсе біледі екенсіңдер.келгенім жақсы болды.ҚР туралы көп мәлімет алдым.Сендерге рахмет сау болыңдар.

 ҰОІӘ қорытындылау мақсатында балалар ҚР картасын құрастырады.

Ән: «Отаным»

 

 

Балалар Елшімен қоштасады.

 

ҚР картасын құрастырады.

 

 

 

«Отаным» әнін шырқайды.

 

 

 Күтілетін нәтиже:

Біледі:ҚР Тәуелсіз,Егеменді мемлекет екенін біледі..

Меңгереді:Еліміздің рәміздеріне не жататынын меңгереді.

Жасай алады:  ҚР картасын құрастыра алады..

         Тексерілді:     __________          Хизирова Д.М.

 

 

Жайлауымдай жазықпын

Өзенімдей өршілмін

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған  өзіңнен

Туған елдің ұлымын

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімі.

 

Даярлық тобында өткізілген оқу-іс əрекеті

Білім беру саласы: қатынас, əлеуметтік орта, шығармашылық

Бөлімі: тіл дамыту

Оқу-іс əрекетінің мақсаты: балалардың Қазақстан Республикасы туралы

білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға жəне жас

ұрпақтарды патриотизмге тəрбиелеу. Елін, жерін, тілін құрметтеуге баулу.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, слайд,буклеттер, теледидар макеті, түрлі –

түсті бояулар, т.б.

Əдіс-тəсіл: сұрақ-жауап, көрсету, əңгімелеу.

Оқу-іс əрекетінің өткізілу барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.

Амандасу рəсімі:

Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан!

Амансың ба Жер Ана!

Амансың ба қонақтар!

Амансың ба достарым?!

Сендерді көрсем қуанам!

Жылуыңа жылу қос,

Міне менің қолдарым!

Тəрбиеші: балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр, ендеше

мына жүрек арқылы туған өлкемізге деген сүйіспеншілігімізді білдірейік.

1 – слайд. (Оқу-іс əрекетінің тақырыбы)

2. Жылулық шеңбері.

Балалар шеңбер бойына жиналады. Жұмсақ матадан тігілген жүректі əр

бала өз кеудесіне төсей отырып, Отанға, туған жерге, отбасына деген

сүйіспеншілігін білдіреді.

- Мен балабақшамды сүйемін!

- Мен тобымдағы балаларды сүйемін!

-Мен достарымды сүйемін!

-Мен туған жерімді сүйемін!

- Мен табиғатты сүйемін!

-Мен Отанымды сүйемін!

-Мен ана тілімді сүйемін!

-Мен туған жерімнің ауасын сүйемін!

-Мен туған жерімнің мөлдір суын сүйемін!

-Мен Астананы сүйемін!

-Мен Алматының алмасын сүйемін!

-Мен Көкшетаудың таза ауасын сүйемін!

-Мен күннің жылуын сүйемін!

-Мен туған жерімнің топырағын сүйемін!

-Мен туған елімді сүйемін!

Барлығы бірге:

Жас ұланымын елімнің,

Болам ұл-қыз зор əлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

(Балаларды орындарға жайғастыру.)

3.Тосын сəт: «Жаһанкез Желаяқ» кіреді.

-Сəлеметсіңдер ме, балалар. Мені қайдан келді деп таң қалып тұрған

шығарсыңдар. Мен дүние жүзін аралаған «Жаһанкез Желаяқпын». «Желаяқ»

деп аталу себебім, бір жерде тұрақтай алмаймын. Сондықтан екі аяғыма екі тас

байлап алдым. Мен Қазақстандай ел бар екенін естіп, интернеттен қазақ тілін

үйрендім. Енді сіздердің елдеріңізбен танысқым келеді.

Тəрбиеші: - Ендеше, сіз біздің қонағымыз болыңыз. Біз сізге елімізді,

жерімізді таныстырайық.

- Балалар біз қандай республикада тұрамыз? 2 - слайд (Қазақстан

Республикасының картасы)

- ҚР Елордасы қай қала? 3- слайд (Елордасы – Астана көріністері бейнеленген

суреттері)

- ҚР Елбасы кім? 4 - слайд (Н.Ə. Назарбаевтың портреті)

- Қазақстан Республикасы қандай?

«Желаяқ»: - Егеменді, тəуелсіз ел болған соң мемлекеттік рəміздер де бар

шығар?

Тəрбиеші: - Əрине, бар. Ал балалар рəміздерге не жатады?

Рəміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші

Рəміздерім – Əнұран, Ту, Елтаңба,

Рəміздерді жатқа білген жөн кісі.

Тəрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, еліміздің ашық аспандай көгілдір

Туымыз, айбынды Елтаңбамыз, мағыналы Əнұранымыз бар.

Рəміздерге тоқталу. 5, 6, 7 – слайд ( ҚР рəміздері)

Интерактивтік тақтамен жұмыс.

1.Мемлекеттік ту?

2.Елтаңба туралы кім айтады?

3.Əнұран – Балалар, Ту мен Елтаңбаны көзбен көріп, қолмен ұстауға,

Əнұранды құлақпен естуге, бірлесе шырқауға болады.

Рəміздерге сипаттама беру жəне авторларын сұрау.

Қазақстан Республикасы Туының авторы: Шəкен Ниязбеков

Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мəлібеков,

Шот-Аман Уалиханов

Қазақстан Республикасының Əнұраны авторлары: Жұмекен Нəжімединов,

Нұрсұлтан Назарбаев, Шəмші Қалдаяқов.

«Желаяқ»: Иə, балалар, Қазақстан Республикасы ірі мемлекет екен. Ал

сендер, осындай тəуелсіз ірі мемлекеттің азамматтары екенсіңдер.

Тəрбиеші: Балалар, сендер өмірге келген күннен бастап, Қазақстан азаматы

ретінде туу туралы куəлік аласыңдар.

- Қазір балалар сюжетті-рөлдік ойын көрсетеді.

(Ананың рөлінде ойнайтын қыз бала мен əкенің рөлін ойнайтын ұл бала

қасында кішкентай нəрестелерімен «Азаматтық хал актілерін жазатын

бөлімге келеді»)

Əке мен ана:

-Сəлеметсіз бе?

- Сəлеметсіз бе?

-Баланың аты-жөні кім?

-Алтаев Алдияр

-Баланың əкесінің аты-жөні?

-Алиев Азамат

-Баланың туған жылы, айы, күні?

-20 - қараша 2012 - жылы.

- Міне, сіздің балаңыздың куəлігі.

-Рахмет.

-Бүгіннен бастап Алтаев Алдияр Азаматұлы Қазақстан Республикасының

азаматы болды.

-Құттықтаймын!

-Рахмет. Сау болыңыз!

Тəрбиеші: Ал, 16 жасқа толған кезде мынадай жеке куəлік аласыңдар.

(Құжатты көрсету) 8 - слайд

«Желаяқ»: Əркім өзін Қазақстан азаматымын деп санаса, ол азамат білімді

болу керек. Ана тілін құрметтеп, қадірлеуі керек. Кім ана тілі туралы тақпақ

біледі?

1. Бақыт құсы қонды ғой,

Менің туған жеріме.

Тіліміз бен дініміз,

Қайта келді еліме.

2. Ана тілің арың бұл,

Ұятың тұр бетте.

Өзге тілдің бəрін біл,

Өз тілінді құрметте.

3. Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр, əнім.

4. Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім

Сергіту сəті:

Орнымыздан тұрайық,

Шеңбер жасап алайық.

Керегені құрайық,

Уық болып иіліп,

Бір шаңырақ астында,

Тату – тəтті тұрайық.

- Орнымызды табайық.

Тəрбиеші: Балалар, бүгінгі қонаққа келген «Желаяққа» өз туған жерімізді,

елімізді таныту мақсатында ойын ойнайық. Ойын ойнамас бұрын мынадай

сұрақтарға жауап беріңдер:

· Қазақстанның қалаларын ата. (картадан көрсету)

· Осы қалаларда не өндіріледі? (картаға жапсыру)

Ойын:«Қазақстан қалалары арасындағы телекөпір бағдарламасы»- деп

аталады.

9 – слайд(суреттерін көрсету)

Тəрбиеші: Қазақстан қалалары арасындағы телекөпір бағдарламасын көруге

шақырамыз. (балаларды əр қалаларға бөлу)

Тəрбиеші:Қазақстан Республикасының қалалары арасындағы телекөпір

бағдарламасын көруге шақырамыз. Ең алдымен, Астана қаласындағы

қонақтарға сөз берейік, өйткені __________Астана- Қазақстанның елордасы.

Астаналық қонақтар: Сəлеметсіздер ме? Біз Астана қаласынан сөйлеп

тұрмыз. Астана- Қазақстан Республикасының астанасы, еліміздің жас қаласы.

Қаламызда əсем ғимараттар бой көтерген. Олар Бəйтерек, Ақорда, Пирамида

жəне т.б. АстанадаЕлбасы Н.Ə Назарбаев тұрады, жұмыс жасайды. слайдпен

жұмыс.10,11,12,13,14,15,16 - слайдтар.(Астана қаласының зəулім, əсем

ғимараттары көрсетіледі)

Тосын сəт: телефон соғылады.

Тəрбиеші: Осы орайда бізге телефон шалғандар бар. Олар сіздердің Астана

туралы тақпақ айтуларыңызды өтінді.

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол – жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай -

Сүйеміз шынында да.

Жүректе сақтап атын,

Жүретін салтанатым.

Астана биігіміз

Биіктер күнге жақын.

Тəрбиеші: Рахмет. Ендігі сөз кезегін Алматыдағы қонақтарға берейік.

Солармен байланыс жасайық.

Алматылық қонақтар: Сəлеметсіздер ме? Біз Алматы қаласынан сөйлеп

тұрмыз. Алматы-өте əсем, сұлу қала. Бізде əйгілі Медеу мұз айдыны бар. Онда

адамдар демалады. Алматыда ескерткіштер, мəдени орындар көп. Алматыда

алма, жүзім өседі. Қазір сіздерге Алматы қаласы туралы тақпақ ұсынылады.

17, 18, 19, 20 - слайдтар.( Алматы қаласының көрікті жерлері көрсетіледі)

Алматы қаласы

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар,

Алматы қаласы.

Ақындар ағасы,

Тұр Абай данасы.

Көшесі көрікті,

Алматы қаласы.

Мен сіздерге алма туралы тақпақ айтып берейін.

Апорт алмасы

Бақ ішінде алмалар,

Бар жемістен бағалы.

Көрген адам таңданар,

Көздің жауын алады.

Тəрбиеші: Келесі сөз кезегі Көкшетау қаласының тілшілеріне беріледі.

-Сəлеметсіздер ме? Біз Көкшетау қаласынан сөйлеп тұрмыз. Көкшетау қаласы-

көне қала. Ол курорттарымен əйгілі. Біздің көрікті жеріміз өте көп.

21,22,23 - слайдтар. ( Көкшетау қаласының танымал жерлері көрсетіледі)

Қоңырау соғылады

Тəрбиеші: Балалар, бізге қоңырау соғып жатыр. Бұл кім болды екен? Қоңырау

шалған көрермендер екен. Көрермендеріміздің сұрағы мынау: Отан туралы не

айтасыздар?

Балалар Отан туралы білетін мақалдарын айтып шығады.

_ Отан- оттан да ыстық.

_ Ер ел үшін туады ел үшін өледі.

_ Туған жеріңде туыңды тік.

_ Отан үшін отқа түс, күймейсің.

_ Өз елің-алтын бесік.

Тəрбиеші: Бағдарламаның соңында қонақтарымыз Отанымызға қандай

тілектерін айтады екен.

-Отанымыз тыныш болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Туымыз биікте желбіреп тұрсын!

«Желаяқ»: Өте жақсы, балалар өз туған жерін, елін сүйетіндерің көрініп тұр.

Отан туралы көп нəрсе біледі екенсіңдер, өте тамаша! Келгенім жақсы болды.

Қазақстан туралы білетін болдым. Сендерге рахмет. Сау болыңдар!

Оқу-іс əрекетін қорытындылау.

Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайық. Сабақта біз не жөнінде

сөйлестік? Біздің Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет екенін білеміз.

Қандай ұлт өкілдері тұрады жəне олар бір–бірімен қалай өмір сүреді? 24 –

слайд (тату-тəтті ұлт бірлігі жайында көріністер).

Ендеше осы достығымызды сурет салу арқылы білдірейік жəне өзіміздің кең

байтақ егеменді Қазақстан Республикасын құрастырып берейік!

1 – топ: сурет салады.

2 – топ: Қазақстан картасын бөлшектерден құрастырады.

Тəрбиеші: Бүгінгі оқу-іс əрекетінің тақырыбын «Мен сүйемін елімді» – деп

алып отырған себебіміз, адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу

ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген

азаматы болуы керек жəне өзінің туған елін сүю керек.         Əн: «Отаным».

 

Айсұлу

Рəміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші

Рəміздерім – Əнұран, Ту, Елтаңба,

Рəміздерді жатқа білген жөн кісі

 

Азамат

 Бақыт құсы қонды ғой,

Менің туған жеріме.

Тіліміз бен дініміз,

Қайта келді еліме.

 

Іңкәр

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол – жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Төкті оған нұрын дала,

Астана сұлу қала.

Біз оны анамыздай -

Сүйеміз шынында да.

 

А.Дильназ

Алматы қаласы

Жап-жасыл ағашы,

Қып-қызыл алмасы.

Ақ басты тауы бар,

Алматы қаласы.

Ақындар ағасы,

Тұр Абай данасы.

Көшесі көрікті,

Алматы қаласы

 

Ербол

_ Отан- оттан да ыстық.

 

Диас

_ Ер ел үшін туады ел үшін өледі.

 

Ляйсана

_ Туған жеріңде туыңды тік.

 

Арман

_ Отан үшін отқа түс, күймейсің.

 

Аружан

_ Өз елің-алтын бесік.

 

Назерке

Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

 

 Ажар

Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін.

 

 Надежда

Өнер алды – қызыл тіл.


Мемлекеттiк рәмiздерi

Сұрақ

Бөбекжай- бақшасының тәрбие барысынан қандай көлем қанығаттандыңыз?