Күні:  31.10.14 ж. 

«Қатынас», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары 

Тақырыбы: «Үй жануарлары» 

Бөлімі: Көркем әдебиет

Мақсаты: үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап,  әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Білімділік: үй жануарларының адамдарға беретін пайдасы туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:үй жануарларының өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілеттерін, тақпақтарды қайталай отырып және сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік: үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге тәрбиелеу.

Билингвальды компонент:сиыр-корова-cow, қой-баран-sheep, жылқы-лошадь-horse,ешкі-коза-goat, түйе-верблюд-dromedary. 

Қажетті көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері, үнтаспа, ойын – тренажерлері.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық-   қозғаушылық

-Балалар, қараңдаршы бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге бүгін көп қонақтар келді. Қане, барлығымыз шаттық шеңбер бойына жиналып, айналаны қоршаған ортамен, қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Қуанышты күн бүгін.

Сәлеметсіз бе, есенсіз бе, амансыз ба?

– Ал енді балалар, көзімізді жұмып көз алдымызға өрістегі төрт түлік малды елестетейік. Таңертең жайлауда қой, сиыр, жылқылар жайылып жүр. Айнала тып- тыныш. Алыстан қозының маңырағаны, бұзаудың мөңірегені, құлыншақтар-

дың дауысы естіліп қояды. Сол сәтте төлдердің енелері жан - жағына қарайды, бірақ төлдері көрінбейді. Енді жылқы жануарына мініп, өрістегі малды ауылға қайтарамыз.(Ақырын көзімізді ашамыз). Балалар көз алдарыңа қандай жануарларды елестеттіңдер?Қой, сиыр, жылқы.Дұрыс айтасыңдар балалар бүгін біз оқу іс – әрекетімізде үй жануарларымен танысамыз. Балалар үй жануарларына байланысты мақал –мәтелдер, жұмбақтар айтайықшы.

Жұмбақтар:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Ол не?

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Ол не?

Шаттық шеңбер бойына жиналып, қимыл қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көздерін жұмып әуенді тыңдайды. Ауылдағы жайлауда жайылып жүрген үй жануарларын көз алдарына елестет-

кендерін айтады.

 

 

 

Педагогпен бірге мақал – мәтелдер айтады.

-Малды баға біл,

  Бабын таба біл.

-Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл – көсір.

-Ат – адамның қанаты,

Ас – адамның қуаты.

Жұмбақтарды мұқият тыңдап жауабын айтады.

-Түйе.

-Қой.

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

Осы кезде бөлмеге сиыр мен жылқы таласып кіреді.

 Педагог:

 -Сендер не үшін дауласып жатырсыңдар?

Сонда сиыр:

- Мына жылқы  үй жануарлары емес аңдарды  көп -дейді.

Педагог:

- Сендер босқа дауласпаңдар  қазір біз оны анықтаймыз – дейді педагог.

 Ол үшін біз балаларға тапсырма берейік.

 

 

 

1 –тапсырма: «Топтастыр».

 -Мына суреттегі жануарлардың ішінен үй жануарларын топтастырып беріңдер.

-Ал енді балалар, біз осы үй жануарларын үш тілде айтып үйренейік. Педагог қазақ тілінде, сиыр орыс тілінде, жылқы ағылшын тілінде айтады. Үй жануарларының адамдарға беретін пайдасы жайлы әңгімелейді.Педагог сиыр мен жылқыға көрдіңдер ме, біздің балалар үй жануарларын жақсы біледі екен.Сиыр мен жылқы достасып балаларға рахмет айтып өріске қайтады.

 

 

 

2 – тапсырма: «Төлдерін тап».

Тақтадан үй жануарлары мен төлдері көрсетіледі. Төлдерін аналарына сызық арқылы қосып беріңдер.

Сергіту сәті

Бейнетаспадағы музыка ырғағымен қимыл қозғалысын жасайды.

Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді.

Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан, Көкке қарай мұрынын шүйіреді бұзауқан.

Жарайсыңдар!

Балалар барлығымыз бір серігіп қалдық.

Ой балалар, мына сиыр мен жылқы бізге сыйлық тастап кетіпті ғой. Мына қораптың ішінде не бар екен қане ашып көрейік. Қораптың ішінен музыкалық кілт шығады.

3 – тапсырма: «Жануарларды даусынан таны»Жануарлардың дауыстары музыка арқылы қойылады.

Балалар сиыр мен жылқы кетіп қалса да, біздің үй жануарларын қаншалықты жақсы көретінімізді білгісі келген екен. Ендеше соңғы тапсырмаға зер салайық. 

4 – тапсырма: Ойын – тренажері «Артығын тап»

Бірнеше суреттің ішінен артық суретті тауып беру.

 

 

Балалардан қандай тапсырмалар  ұнағанын сұрайды.

Бөлмеге ашуланып кірген жылқы мен сиырға таңданады. Олардың не үшін дауласып жатқанын түсініп, оларды татулас-

тыруға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

Интерактивті тақтадағы беріл-

ген тапсырмалар-

ды мұқияттыңдап тапсырмаларды орындайды.Үй жануарларын үш тілде айтып үйренеді.Балалар сиыр мен жылқы-

ның татуласқан-

дарына дән риза болып, олармен қоштасады.

Балалар екінші тапсырманы орындайды.

 

Сергіту сәті

Бейнетаспадағы қимыл қозғалысқа қарап, әнді айта отырып орындай-

ды.

 

 

 

Қораптың ішіндегі заттың не екеніне қызығушылық білдіреді. Музыканы тыңдай отырып, жануар-

лардың дауысын ажыратады.

 

 

 

 

 

Балалар бұл төртінші тапсырма

-ны да орындайды.

 

Балалар өздеріне  ұнаған тапсырма-

ны  айтады.

 

Рефлексивті-

түзетушілік

-Балалар, біз бүгінгі оқу іс – әрекетін ойын арқылы аяқтаймыз.

№1«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.

Шарты: балаларға үй жануарларының кесілген  суреттері таратылып беріледі. Әр топ суретті құрастырып,үй жануары туралы білетін өз ойын, пікірін баяндайды.

 

№2«Дәмінен ажырат»

Шарты: стақанға құйылған сүт өнімдерін ішіп, қандай өнім екенін айтып беріңдер.

Педагог балалардан қайсы ойынның ұнағанын сұрап, оларды мақтап, мадақтайды. «Қошақаным» әнін орындай отырып, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылайды.

Ойынның шарты-

мен танысып, әр топ бір үй жануарын құрастырады және олардың адамдар-

ға беретін пайдасы жайлы әңгімелей-

ді.

Ойынның шартымен танысып, сүт өнімдерін ажыратып береді.

«Қошақаным» әнін орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:            

Нені біледі:үй жануарларының пайдасын, төрт түлік малдың қалай аталуын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: төрт түлік малды күтіп - баптауды игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:не қалай дыбыстай, олардың қимылдарын көрсете білуді меңгереді.

 

 

Тәрбиеші:  Сагатова Т.Ж.