КМҚК «Айналайын» бөбекжай-бақшасы мына мекен-жайы бойынша орналасқан: Қарағанды облысы, Приозерск қаласы Гвардейская көшесі, 10/2
тел: 8(71039) 5-29-91, 5-22-39, 5-33-30
Тізім бойынша 140 бала санын құрайды.
Жас ерекшеліктеріне қарай 6 топ жұмыс істейді:
«Балапан» — (І кіші тобы) — 1
«Ботақан» — (І кіші тобы) — 1
«Жұлдыз» — (ІІ кіші тобы) — 1
«Күншуақ» — (ортаңғы топ) — 1
«Балдырған» — (ортаңғы топ) — 1
«Қарлығаш» — (ересектер тобы) −1
Оқу жылы бойынша бақшадағы оқу-тәрбие жұмысы қазақ тілінде, мемлекеттік құжат «Алғашқы қадам» , «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие үрдісі 22 педагог-мамандармен қамтамасыз етілген.
Онда:
— жоғары педагогикалық біліммен — 12 педагог 54,5%
— оның ішінде жоғары мектепке дейінгі біліммен- 3 педагог
— Орта арнаулы педагогикалық біліммен — 10 педагог 45,5%
— Оның ішінде орта арнаулы мектепке дейінгі біліммен — 7 адам
Санаты бойынша:
— Жоғары деңгейдегі жоғары біліктілік санаты — 1 педагог 4.5%
— Жоғары деңгейдегі бірінші біліктілік санаты —3 педагог 13.6 %
— Орта деңгейдегі бірінші біліктілік санаты —2 педагог 9.1%
— Жоғары деңгейдегі екінші біліктілік санаты- 4 педагог 18.2%
— Орта деңгейдегі екінші біліктілік санаты —4 педагог 18.2%
— Санаты жоқ — 8 педагог 36.4%
Балабақшадағы әдістемелік жұмыс — бұл педагогтардың кәсіби деңгейлерін жетілдіруінің негізгі жолы, барлық ұжымның шығармашылық дамуына ықпал етеді, оқу — тәрбие үрдісінің сапасын және тиімділігін арттырады. Әдістемелік қызметтің табысты жұмыс істеуі көбіне кадрлармен сапалы жұмыс істеуіне байланысты болып келеді. Әдістемелік қызметтің мақсаты — оқу — тәрбие үрдісін жаңарту, сапалы білім беруді қаматамасыз ету.
Бөбекжай-бақшаның алдына қойған миссиясы:
«Мектеп жасына дейінгі балаларды монтессори әдісін қолдана отырып, инклюзивті тәрбиелеу, бала тілін дамыту және өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді бейнелі түрде үйрету».
Мақсаты:
«Дені сау, рухы таза, тілі жетік болашақ ұрпақты тәрбиелеу».
2014-2015 оқу жылы педагогикалық ұжымның алдына келесі міндеттер қойылды:
1. Баланың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қамтамасыз ету; инновациялық жобалар енгізу; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу; экспериментті алаңның екінші кезеңін жалғастыру.
2. Мектепте оқуға даярлықты қамтамасыз етуге жағдай жасау;
3. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және кадрлық жағынан
қамтамасыз ету; біліктілікті арнаулы курстарда көтеру.
4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмысының отбасымен,
мектеппен, қоғаммен қарым-қатынасын ұйымдастыру; ата-аналардың
құзыреттілігін көтеруге білікті көмек көрсету жағдайын жасау.
5. Материалдық-техникалық базасын нығайту.
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында балабақшада жоспарлы жүйелі түрде жұмыс жасалды.
1. Педагогтардың әдіскерлік деңгейін, педагогикалық біліктіліктерін жоғарылату.
Педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейлерін арттыру үшін кесте бойынша «Өрлеу» БАҰО" Қарағанды қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен өткен біліктілік көтеру курсына 7 тәрбиеші жіберілді(Байдосова Г.Ж.,Алинбаева Р.Т., Кульмагамбетова Ж.Ж.,Саккулова Х.Б., Досаева А.А., Шитебаева К.С.,Юсенова А.В.).
Астана қаласындағы Республикалық балаларды оңалту орталығында «Монтессори-педагогтарға арналған нейропсихолия негіздері және психофизиология» (Кульмаганбетова А.Ж., Искакова Х.К.), «Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің жаңа заманауи әдістері» (Хизирова Д.М.) тақырыптарында өткен курстарға үш педагог жіберілді.
Үш педагог біліктілік санатын растап, екі педагог біліктілік санатын көтерді. Хизирова Д.М. жоғары деңгейдегі бірінші, Кульмагамбетова Ж.Ж., Кырыкбаева Р.Р. екінші санаттарын растады. Сағатова Т.Ж. жоғары деңгейдегі бірінші санатқа, Искакова Х.К. жоғары деңгейдегі екінші санатқа өтініш беріп, санаттарын бекітті.
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Өрлеу» БАҰО" Қарағанды қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен өткен біліктілік көтеру курсының тыңдаушыларына балабақшамызда Монтессори әдісі бойынша тәжірибелік сабақтар көрсетілді (Х.Искакова).
30-сәуір күні мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті жағдайында мектепке дейінгі біліммен қамту, қалыпты дамып келе жатқан балалар ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру және әлеуметтік кіріктіруді жүзеге асыруда балабақшамызда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру, тәжірибе алмасу мақсатында «МДМ-де инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық көлемде семинар өтті. Семинарға Қарағанды облысы білім Басқармасы басшысының кеңесшісі, әдіскер, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор С.С.Контаев, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Д.Бугубаева, Қарағанды облысының аймақтарынан мектепке дейінгі ұйым директорлары мен әдіскерлері, Приозерск қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері және қалалық балабақша директорлары мен әдіскерлері қатысты. Семинарда бақшамыздың директоры Күлмағанбетова Айткүл Жеңісқызы МДМ-де инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори әдісін енгізу бағдарламасы бойынша балабақшада өткізіліп жатқан жұмыстар бойынша айтып өтті. Балабақша педагогтары, әрбір зертхана мүшелері өз іс-тәжірибелерінен презентациялар және шебер-сыныптар көрсетті. Семинарға қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар «өте жақсы» деңгейде өтті деп бағаланды.
Биылғы оқу жылында педагогтарымыз облыстық, республикалық семинар, конференция, байқауларға да қатысты. Қараша айында Қарағанды қаласында өткен VIII Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңіне балабақша директоры мен әдіскері «Қызықты математика» тақырыбындағы бағдарламамен және балабақша директоры мен психологы «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбындағы бағдарламасымен қатысып, екінші жоба екінші жүлделі орынды жеңіп алып, желтоқсан айында Алматы қаласында өткен VIII Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің Республикалық кезеңіне қатысып, «Жаңашыл педагог» номинациясын жеңіп алды.
24-ақпанда Қарағанды қаласында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық және қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында өткен МДББ қызметкерлерінің ІІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысында балабақшамыздың директоры Айткүл Жеңісқызы «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбымен, секциялық отырыста балабақша әдіскері Дүрия Мырзабекқызы «Мектепке дейінгі ересек жастағы дарынды балаларға арналған қызықты математика» тақырыбымен баяндама жасап, балабақша жұмыстарымен таныстырды. Осы конференция материалдарының жинағына аталған баяндамалармен қоса балабақша тәрбиешілері Р.Алинбаева, М.Айтжанованың «Балабақшадағы рухани-адамгершіліктің маңыздылығы», тәрбиеші Ж.Кульмагамбетованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында жазылған баяндамалары енгізілді.
14-15 мамыр аралығында балабақша әдіскері Д.Хизирова Алматы қаласында «Қазіргі әдістемелік қызмет және оның даму болашағы» тақырыбымен өткен республикалық семинарға қатысып келді.
2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум.
Қыркүйек айында балаларды психологиялық-логопедтік тексерудің нәтижесі арқылы тізім жасалып, логопедтік пунктің жұмыс жоспары бекітілді. Қараша айында жас ата-аналарға көмек, кеңес беру мақсатында педагог-психолог ата-аналармен «Балалардың сөйлеуі мен танымдық қызығушылықтарын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қаңтар айында педагогтармен «Педагог бойындағы кәсіптік қасиеттер ол: бала бойындағы қасиеттерді дұрыс бағалай білу және дұрыс бақылау» тақырыбында семинар, сәуір айында «Баланың мінез-құлқындағы агрессивтің себебі және одан арылу жолдары» тақырыбында кеңес берді.
3. Педагогикалық кеңестер.
2014 — 2015 оқу жылы аралығында жылдық жоспарда жоспарланған 5 педагогикалық кеңес өткізілді. Әрбір педагогикалық кеңес өз тақырыбы мен қойылған мақсаттарымен ерекшеленеді.
№ 1 — педагогикалық кеңес тақырыбы:
«Жаңа оқу жылына ұйымдастырушылық және білім беру жұмыстарының үлгісін жасау»
— балабақша директоры А.Ж.Кулмаганбетова педагогикалық ұжым қызметкерлерін «ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында 2014-2015 оқу жылының басталуы туралы» әдістемелік-нұсқаулық хатпен таныстырды.
— 2014-2015 оқу жылына жылдық оқу жоспары, зертхана жұмыстарының жоспары бекітілді.
— педагог кадрлардың оқу жылына дайындығының қорытындысы талданды, топтардың санитарлық талаптарының орындалуы қорытындыланды.
№ 2 — педагогикалық кеңес тақырыбы «МДМ-де инклюзивті тәрбиені дамыту бұл — әлеуметтік — педагогикалық проблема».
— Өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы қарастырылды;
— балалардың өмірін қорғау және денсаулықтарын сақтау туралы нормативті құқықтық құжаттармен таныстырылды. Балабақша диреторы А.Ж.Кульмаганбетова;
— балабақшадағы денсаулық сақтау технологиялары және инклюзивті тәрбиенің ұйымдастырылуы туралы баяндама жасалды. Әдіскер Д.М.Хизирова;
— логопедтік, денсаулық және психологиялық зертханаларының презентациялары мен шебер-сыныптары көрсетілді.
№ 3 — педагогикалық кеңес тақырыбы: «Мектепке дейінгі кезеңде үштілділікті дамытуға педагогикалық жағдай жасау»
— Өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы қарастырылды;
— Балабақшада үш тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктері туралы балабақша директоры А.Күлмағанбетова баяндама жасады.
— «Балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысында көптілдік компонентін қолдану» атты тақырыптық тексерудің қорытындысы бойынша әдіскер Д.М.Хизирова есеп берді.
— «Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге арналған ағылшын тілі» туралы ағылшын тілі мұғалімі Ф.С.Душмуратова өз тәжірибесінен баяндады.
— Тілдік, таным, әлеуметтік орта зертханаларының презентациялары мен шебер-сыныптары көрсетілді.
№ 4 педагогикалық кеңес тақырыбы:"Ғажайыптар әлемі" — балалармен жүргізілген сахналау жұмыстары«.
— Өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы қарастырылды;
— «Балалармен жүргізілетін театрландырылған және көркем шығармашылық жұмыстар» атты тақырыптық тексерудің қорытындысы бойынша әдіскер Д.М.Хизирова есеп берді.
— «Оқу — тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысында театрлық әдістерді қолдану» туралы тәрбиеші Р.Р.Қырықбаева өз тәжірибесінен баяндады.
— «Жас өнерпаз», «Жас шебер» зертханаларының презентациясы мен шебер-сыныптары көрсетілді.
№ 5 педагогикалық кеңес тақырыбы: «Оқу жылының қорытындысы»
— Өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы қарастырылды;
— Оқу-тәрбие үрдісінде жыл бойы жүргізілген жұмыстарға талдау жасалды;
— Зертханалардың, монтессори шеберханасының шығармашылық есебі тыңдалды;
-Жазғы сауықтыру, шынықтыру іс — шаралар жоспарын, күн тәртібін, сабақ кестесін — директор ұжыммен бекітті.
4. Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері.
Қазан айында тәрбиеші Т.Сағатова «Үй жануарлары» тақырыбында; қараша айында тәрбиеші Ж.Кульмагамбетова «1-5 сандары. Тура және кері санау» тақырыбында; желтоқсан айында тәрбиеші К.Шитебаева «Жабайы аңдар.Аю», тәрбиеші Р.Қырықбаева «Біздің қанатты достарымыз», тәрбиеші Қ,Кісекеева «Мен елімнің кішкентай азаматымын» тақырыбында және барлық топта Президент күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшысы» тақырыбында; ақпан айында тәрбиеші Х.Саккулова «Ойыншықтар дүкені», А.Досаева «Пияз отырғызу», М.Абилда «1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Реттік санау» тақырыбында; сәуір айында тәрбиеші Г.Жетібаева «Мысық» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті. Әрбір ҰОІӘ-ң ерекшеліктері мен педагогтардың жеткен жетістіктері айтылды.
5. Семинарлар, консультациялар.
Оқыту және тәрбиелеу үрдісінде мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеуге жағдай жасап, баланы жан-жақты дамыту мақсатында 2014-2015 оқу жылында «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори әдісін қолдану» тақырыбымен семинар жоспарланды. Семинар 3 сағат лекция, 4 сағат педагогтармен практика және 5 сағат тәрбиеленушілермен практикаға мөлшерленді.
23-қаңтарда тәрбиешілердің кәсіби шеберліктерін арттыру мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеп, оқытуда тәжірибе алмасу, инновациялық тәртіпте жұмыс істейтін педагогтардың тәжірибесімен бөлісу, жобалау әдісін көрсету, мақсатында балабақшамызда «Балабақшадағы педагогикалық инновациялар» тақырыбында қалалық көлемде семинар-практикум өтті. Семинарға қалалық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскерлері Чалгинбаева Алия Қаламбаевна мен Хожанова Гүлбира Нұршабековна, «Балбөбек», «Еркетай» және № 2 мектеп-балабақша кешені жанындағы шағын орталықтың әдіскерлері қатысты. Семинарда бақшамыздың директоры Күлмағанбетова Айткүл Жеңісқызы «МДМ-де инклюзивті тәрбиені дамыту» бағдарламасы бойынша балабақшада өткізіліп жатқан жұмыстар бойынша айтып өтті.
Бақшамыздың әдіскері Хизирова Д.М. мектепке дейінгі ересек жастағы дарынды балаларға арналып жасалаған «Қызықты математика» бағдарламасымен таныстырып, «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау әдісі» бойынша педагогтармен тәжірибе бөлісті.
30-қаңтарда психолог Х.К.Искакова балабақша педагогтарымен «Балалардың ойлау қабілетін дамытуда „Ертегі терапия“ әдісінің маңызы» тақырыбында семинар, 28-қаңтарда «Балдырған» тобының бүлдіршіндерімен «Маша мен аю» тақырыбында ертегітерапиясын өткізді.
Проблемалық тақырыптар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Педкеңес, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, семинарлар өткізілді.Арнайы ашық іс-шаралар өткізу арқылы тәжірибе алмасты. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
6. Басшылық және бақылау.
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандарт талаптарын орындау мақсатында жылдық жоспарға сай бақылау және басшылық жүргізілді.
Бақылау мен басшылық негізінде өтілген іс — шаралар:
1.Топтардың жабдықталуы және жаңа оқу жылына дайындығы қарастырылды. Дайындық деңгейі қанағаттанарлық деп бағаланды. Бір ай көлемінде кемшіліктерді толықтыру тапсырылды. Барлық тәрбиешілердің жаңа оқу жылына жасалған жұмыс жоспарлары бекітілді.
2. Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс бойынша жұмыс жүргізіліп, тақырыптық негізде анықтама жазылды.
3. Балалардың мектепке дайындығы бақыланды, қанағаттанарлық деңгейде.
4. Салт-дәстүр үрдісінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру барысы бойынша жұмыс жүргізіліп, жұмыс барысы қадағаланды.
5.Жаңа келген балаларды қабылдау, барлық балалардың психологиялық дайындындық деңгейі бойынша педагог-психолог Х.Искакова өз жұмысы бойынша есеп берді.Балалардың балабақшаға бейімделуі бойынша ата-аналармен жеке жұмыс жүргізілді.
6.Шынықтыру — сауықтыру шараларын өткізу барысы қадағаланып, анықтама негізінде бағаланды.
7.Апта сайын тәрбиешілердің апталық циклограммасын,технологиялық картасын түзуін, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеніне дайындығын,көрнекілік пен үлестірмелі материалдарын бақылау жұмыстары жүргізілді.
8.Күнделікті тәрбишілердің уақытылы жұмысқа келуі қадағаланды.
9.Тоқсан сайын топтардың тазалығы, балалардың мәдени-гигиеналық дағдылары бақыланып, қорытындыланып отырылды.
Білім беру салалары бойынша балалардың білім деңгейлері бақыланды. Бақылау қорытындысы бойынша білім сапасы төмендегідей:
|
№ |
Білім салалары |
2014-2015 жылдың басы |
2014-2015 жылдың ортасы |
2014-2015 жылдың аяғы |
|
1 |
«Денсаулық» |
69,5% |
81.5% |
93.3% |
|
2 |
«Қатынас» |
61.3% |
76.6% |
90.2% |
|
3 |
«Шығармашылық» |
63.1% |
84.7% |
92.4% |
|
4 |
«Таным» |
52.3% |
80.6% |
90.1% |
|
5 |
«Әлеумет» |
64.7% |
81.1% |
90.5% |
|
6 |
Орыс тілі |
39.3% |
48.5% |
56.7% |
|
7 |
Ағылшын тілі |
28.3% |
36.6% |
48.5% |
|
8 |
Музыка |
51.5% |
67.8% |
87.3% |
|
9 |
Дене шынықтыру |
58.5% |
76.8% |
86.1% |
|
10 |
Қорытынды |
59.5% |
78.2% |
90.3% |
7. Балалардың өмірін қорғау және денсаулықтарын нығайту.
Балабақшаның негізгі жұмыс бағытының бірі — балалардың денсаулығын сақтау және нығайту. Балабақшада дене тәрбиесі — сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған. Балалардың физиологиясына, санитарлық — мәдени ережесіне, танымдық орта құрудағы техникалық қауіпсіздігіне байланысты материалды — құрал жабдықтармен жабдықталған. Жүйелі түрде: балалардың ағзаларын шынықтыру ретінде таңертеңгі жаттығу, серуенде қозғалмалы ойындар, сабақта сергіту сәттері өтіледі. Педагогикалық ұжым барлық жас ерекшеліктеріне сай топтардағы өтілетін сауықтыру шараларына көп көңіл бөледі. Бұл шынықтыру шаралары: күндізгі ұйқыдан кейінгі ойын түріндегі сауықтыру шаралары, релаксациялық және тыныс алу жаттығулары, майтабанның алдын —алу жаттығулары, күннің жылы кезінде жалаң аяқ жүру, дәруменді шырындар ішу. 2014 — 2015 оқу жылында балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайту бойынша мақсатты және жүйелі жұмыстың нәтижесінде келесі қорытындыға ие болдық:
— балабақшаға келетін балалардың ішінен ауырған бала саны 11% — ды құрайды;
— балабақшаға келетін балалардың бөлігі — 87 % — ды құрайды;
— балалардың жарақаттану жағдайлары жоқ.
Балалардың денсаулықтарын қорғау және нығайтуға бағытталған жұмыстардан біздің тәрбиеленушілеріміздің ата — аналарының көмегінсіз күтілетін нәтиже алуға болмайды, сондықтан да , ата —аналарды қатыстыру арқылы әр түрлі жұмыстар жүргізіледі : ашық сабақтар, спорттық мерекелер, денсаулық күндері, ата —аналардың қатысуымен ойын — сауықтар. Әрбір топтарда ата- аналарға арналған денсаулық бұрыштары безендірілген. «Омыртқа жотасын дұрыс қалыптастыру жаттығулары», «Мектепке дейінгі баларға арналған ырғақты гимнастика», «Асқазан, ішек ауруларын алдын алу», «Жаз мезгіліндегі балалар травматизмі бойынша профилактика» тақырыптарында кеңес берілді. Балабақшада сауықтыру және шынықтыру сұрақтарын медицина қызметкерімен тығыз байланыспай шешуге болмайды. Денсаулық күндері қимылды қозғалыс ойындары өткізіліп тұрды. Тәрбиеленуші балалар үнемі медбикенің бақылауында. Әр айда балалардың балабақшаға қатысуларының және ауырған күндерінің қорытындылары шығарылып отырылады. Ауырған диагноздары анықталып, көктемде және күзде балалардың денсаулықтары бойынша мониторинг жасалады. Он күнге арналып жасалған ас мәзірі дирктормен бекітіліп, сол бойынша тәрбиеленушілерді төрт рет тамақтандыру жүзеге асырылады.
8. Қоғамдық және отбасылық тәрбие. Ата-аналармен жұмыс.
Оқу жылы бойы ынтымақтастық ұстаным бойынша тәрбиеленушілердің ата-аналарымен қарым — қатынас үзілмеді.
Қыркүйек айында Қазақстандағы отбасы күніне орай балабақшамызда «Ашық есік» күні өтті. Ата-аналардың ҰОІӘ-не қатысуы ұйымдастырылды. Балалардың ата-аналарымен бірігіп жасаған шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Қазан айында балабақша ата-аналарымен «Отбасы мен балабақшаның тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастығы» тақырыбымен жалпы жиналыс өткізілді. Жиналысты балабақша директоры Күлмағанбетова Айткүл Жеңісқызы ашып, «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама аясында балабақшада атқарылып жатқан жұмыстар, жетістіктер туралы айтылды. Ата-аналар өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісті. Жаңа оқу жылына ата-аналар комитетінің мүшелері қайта сайланды.
Топтарда өткізілген ата —аналар жиналыстарында медбике сауықтыру, аурудың алдын алу, мерзімдік аурулардан сақтандыру туралы айтып, «Вирусты гепатит А, алдын ала егу жұмыстарының маңызы» тақырыбында ата-аналарға кеңес берді. Қарашада ата-аналармен сауалнама, тестілеу жұмыстары жүргізіліп, «Ырыс алды ынтымақ» тақырыбында семинар-кеш өткізілді.
Ата-аналар балабақшаішілік мерекелерге, сауықтыру іс-шараларына белсенді жұмылдырылды. Қыркүйек, желтоқсан айларында ортаңғы және ересек топтарының ата-аналарымен «Спорт сүйген жанұя», «Біз бақытты отбасы» тақырыбында эстафеталық жарыстар ұйымдастырылды.
9. Мерекелік іс-шаралар, байқаулар.
1 қыркүйек — Білім күніне, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған «Қазақстан — менің Отаным!» тақырыбында балабақшаның әр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өткізіліп, осы тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.
8-15 қыркүйек аралығында Қазақстандағы отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізілді. «Мен және менің отбасым» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиеші Ж.Кульмагамбетова «Ана — біздің Күніміз» тақырыбында ертеңгілік өткізді.
22 қыркүйек — Тіл мерекесіне орай барлық топтарда дайындық жұмыстары жүргізілді, бүлдіршіндерге тақпақтар, әндер үйретілді.
1 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай тәрбиеші Т.Сағатова «Мамандығым — мақтанышым» тақырыбында ертеңгілік өткізді.
Қараша айында «Алтын күз» апталығы өтті. Апталықта «Балапан» тобы бүлдіршіндерімен «Күз сыйы», «Ботақан» тобы бүлдіршіндерімен «Қош бол, алтын күз», «Жұлдыз» тобы бүлдіршіндерімен «Алтын күз», «Күншуақ» тобы бүлдіршіндерімен «Аюмен бірге күзгі орманға саяхат», «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерімен «Алтын күз» атты ертеңгіліктері, «Балдырған» тобының өнерлі қыздарымен «Күз ханшайымы» байқауы өткізілді. Ертеңгіліктердің мазмұны әр топ бүлдіршіндерінің жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылды.
Арнайы тапсырма бойынша бөлінген мерзімдік басылымдарға балабақша қызметкерлерінің ат салысуымен толықтай жазылу жүргізілді.
26-27 қараша күндері барлық топтарда 1-желтоқсан Қазақстан тұңғыш Президенті күніне орай «Қазақстан елінің тұңғыш көшбасшысы» тақырыбында әңгіме сағаттары өткізілді. Бұл әңгіме сағаттарында Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен, Қазақстанның көркеюіне оның қосқан үлестері, еңбек жолы жайында бүлдіршіндерге қысқа мағлұмат берілді. Балалар Отанға, туған жерге, тұңгыш Президентке арнап өлең жолдарын оқып, әндерін айтты.
Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Қарлығаш» тобында «Тәуелсіздік — ел тілегі», «Жұлдыз» тобында «Тәуелсіздік — теңдігімнің белгісі» тақырыптарында ертеңгілік, «Қарлығаш» тобында «Мен елімнің кішкентай азаматымын» тақырыбында ашық ҰОІӘ-і өтті. Балабақша педагогтарымен «Тәуелсіз елдің бақытты ұстаздары» атты эстафеталық сайыс, жас мамандар арасында «Жас патриот» атты шығармашылық сайыс ұйымдастырылды. Тәрбиешілеріміз музыка залы мен топ бөлмелерін мерекеге лайықты, әсем безендіріп, ертеңгіліктерді балалардың жасына сай, мазмұнды өткізді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жылдағыдай ұйымдасқан түрде 24-желтоқсанда «Балапан», «Ботақан», «Жұлдыз» топтарында «Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!», 25-желтоқсанда «Күншуақ», «Балдырған», «Қарлығаш» топтарында «Жаңа жылым, қош келдің!» тақырыптарында жаңа жылдық ертеңгіліктері өткізілді. Жаңа жыл мерекесіне қонаққа Аяз ата, Ақшақар, орман аңдары: Қоян, Аю, Түлкі, ертегі кейіпкерлері: Мыстан кемпір мен оның үйшігі, қарақшы, қарға және кіріп келген жаңа жылымыз Жылқы қатысты. Балалар кейіпкерлермен бірге ән айтып, би билеп, ойын ойнады.Мереке соңында Аяз ата балаларға әкелген сыйлықтарын үлестірді.
Қысқы демалыс уақыттарында балалармен сауықтыру іс-шаралары өткізілді. Атап айтар болсақ, «Балдырған» және «Қарлығаш» топтары арасында «Денсаулық — басты байлық», «Күншуақ» тобында «Ғажайып Аяз ата» тақырыптарында эстафеталық ойындар өткізілді. 4,5,6-топтар арасында «Ең әдемі аққала» сайысы өткізілді.
2-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өткізілді. Бүлдіршіндердің қолымен салынған суреттерден «Дос боламыз бәріміз» тақырыбында сурет көрмесі, ата-аналардың көмегімен «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Барлық топтарда «Мейірімділік — асыл қасиет» тақырбында әңгіме сағаттары өткізілді. «Қарлығаш», «Балдырған» топтарының өнерлі бүлдіршіндер арасында «Ана мейірімі» тақырыбында мәнерлеп оқу, «Өнеге — отбасынан басталады» тақырыбында отбасылық сайыс өткізілді. «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Қ.Т. Кисекеева «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында ҰОІӘ-ін өткізді. Мұнда балаларға өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы мәліметтер берілді. Балалар Сара Алпысқызына арнап өлең жолдарын оқып, тілектерін айтты. «Сиқырлы тіл» зертханасының мүшелері балабақша балаларына «Орманда табысқан достар» тақырыбында қуыршақ театрын, «Жас өнерпаз» зертханасының мүшелері «Отан -Ана» тақырыбында ән-би фестивалін ұйымдастырды.
Көктем мерекелеріне арналып «Аяулы анашым!» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.
4-5 наурыз аралығында 8-Наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне арналған ертеңгіліктер өткізілді.
22 наурыз — Ұлыстың ұлы күніне байланысты іс-шаралар Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өтті. «Ұлыстың ұлы күні» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесіне балалар шығармашылығымен бейнеленген ең әдемі суреттер іріктеліп ілінді.
Әр топ бөлмесінде мерекеге дайындық жұмыстары жүргізіліп тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілді. «Балапан», «Ботақан», «Жұлдыз» топтарында «Наурыз құтты болсын!» тақырыбында, «Күншуақ», «Балдырған», «Қарлығаш» топтарында «Қош келдің, төрлет, Наурыз!» тақырыптарында ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгіліктерде наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшеліктері басшылыққа алынып, балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, қазақ халқы мен қоса өзге ұлттардың да әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы кеңірек мағлұмат берілді.
Ата-аналардың, тәрбиешілердің ұйымдастыруымен ән айтылып, би биленді, «Тұсау кесу», «Бесікке салу» салты көрсетіліп, «Арқан тарту», «Ханталапай» және тағы да басқа балалардың жас ерекшелігіне сай ұлттық ойындар ойналды. Наурыз мерекесіне арналған ұлттық дастарқан да әзірленіп, «Наурыз көже» ішілді.
Сонымен қатар, 21 наурыз күні өткізілген қалалық Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілді. Қала халқына, қонақтарға арнайы ұлттық тағамдардан құралған дастарқан әзірленді, мерекенің басты асы «Наурыз көже» дайындалды.
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Күншуақ» тобы «Достығымыз берік болсын!» тақырыбында ертеңгілік өткізді. Мерекеге арналған «Қазақстан — бірлік пен татулықтың мекені» атты фестиваль өткізілді. Мұнда әр топ бүлдіршіндері ата-аналарының көмегімен қазақ, татар, өзбек, түрік, орыс ұлттарының билерін, ұлттық киімдерін, дәстүр мен ұлттық тағамдарын көрсетті.
7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арнап «Балдырған» тобының өнерлі жігіттерімен «Жігітке жеті өнер де аз» сайысы өткізілді.
9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында «Жеңіс күнін тойлаймыз!» тақырыбымен ертеңгілік өтті.
22-мамыр күні даярлық тобының бүлдіршіндері «Қош бол, балабақшам!» тақырыбында аяулы балабақшаларымен қоштасу ертеңгілігін өткізді.
10. Балабақша мен мектеп жұмыстарының сабақтастығы.
Мектептің алғашқы баспалдақтарында баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға, өзгелермен қарым — қатынас жасауға, оқу еңбегіне үйретуге, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесі мәдениетіне баулуға баса назар аударылатыны белгілі. Бірақ баланың жан — дүниесі балабақша қабырғасында қаланбаса бұл жұмыс жемісті болмақ емес. Сондықтан да балабақша тәрбиесі мен мектеп білім арасында бірлестік болуы тиіс.
№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп, № 2 мектеп-балабақша кешені мен «Айналайын» бөбекжай-бақшасы арасындағы жүргізілетін жұмыстардың 2014 — 2015 оқу жылына арналған жоспары түзілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілді.
— Қазан айында балабақша тәрбиешілері түлектерінің мектепке бейімделуін бақылады;
— Қысқы демалыста № 1 мектеп кітапханасына ересектер тобының бүлдіршіндерін апарып, таныстырды;
— Наурыз мерекесіне мектеп оқушылары балабақшаға шақырылып, концерт-
тік бағдарлама тамашалады.
— Балабақша түлектерінің оқу үлгерімдері, білім деңгейлері анықталды.
Балабақшаның жеткен жетістіктері:
Қарағанды қаласында өткен VIII Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңіне балабақша директоры мен әдіскері «Қызықты математика» тақырыбындағы бағдарламамен және балабақша директоры мен психологы «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті тәрбиені дамыту» тақырыбындағы бағдарламасымен қатысып, екінші жоба екінші жүлделі орынды жеңіп алып, желтоқсан айында Алматы қаласында өткен VIII Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің Республикалық кезеңіне қатысып, «Жаңашыл педагог» номинациясын жеңіп алды.
24-ақпанда Қарағанды қаласында «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық және қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында өткен МДББ қызметкерлерінің ІІІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясының жинағына А.Ж.Кульмаганбетова мен Х.К.Искакованың «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту», А.Ж.Кульмаганбетова мен Д.М.Хизированың «Мектепке дейінгі ересек жастағы дарынды балаларға арналған қызықты математика», Р.Алинбаева, М.Айтжанованың «Балабақшадағы рухани-адамгершіліктің маңыздылығы» және Ж.Кульмагамбетованың «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында жазылған баяндамалары енгізілді.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында балабақша директоры А.Ж.Кульмаганбетова елеулі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.
Жыл қорытындысын шығару, жастарды ынталандыру мақсатында өткізілетін қала әкімінің сыйақысы «Талап-2014» сайысына тәрбиеші А.Баекешова қатысып, «Жыл тәрбиешісі» сыйлығын жеңіп алды.
21-желтоқсанда балабақшамыздың музыка жетекшісі М.Сулейменов пен хореограф П.Нуршаеваның жетекшілігімен әнші, биші бүлдіршіндеріміз Астана қаласында өткен «Новогодний карнавал» Халықаралық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауына қатысып хореография номинациясы бойынша «Көбелектер әлемі» І орынды, «Шебер қыздар» қазақ биі ІІ орынды иеленді. Вокал номинациясы бойынша бүлдіршіндеріміз Бекен Әсел І дәрежелі дипломмен, Тұрдыбай Назерке ІІ дәрежелі дипломмен, Әлімхан Дарын ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сәуір айында Қарағанды қаласында өткен «Алғашқы қадамдар» облыстық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында би жанры бойынша бүлдіршіндеріміз «Көбелектер әлемі» биімен І орынды иеленіп, алтын медальды қоржындарына салды.
Облыстық «Сарыарқа дарыны» және Халықаралық «Үркер» интеллектуалдық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ПОНИ», «Зерек бала» зияткерлерлік ашық турнирінің ІІ және ІІІ кезеңдеріне ересектер мен ортаңғы топтарының бүлдіршіндері қатысты. «Зерек бала» зияткерлік ойынының облыстық кезеңінде балабақшамыздан 2 бала І дәрежелі дипломмен, 1 бала 3 дәрежелі дипломмен, 2 бала 4 дәрежелі дипломмен марапатталды.
30-сәуірде балабақшамызда «МДМ-де инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбымен облыстық көлемде семинар өткізілді.
Келесі оқу жылының болашақ жұмыстары:
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру;
Эксприментті алаңның жұмысын жалғастыру;
Жаңа дамыту технологиясын енгізу;
Балабақша педагогтарының құзыреттілігін семинарлар, тренингтер, кеңестер арқылы көтеруге жағдай жасау;
Біліктілікті арнаулы курстарда көтеру;
Ата — аналардың құзыреттілігін көтеруге білікті көмек көрсету жағдайын жасау;
Балалардың көркемдік — эстетикалық қабілеттерін дамыту барысындағы педагогтардың ұйымдастырған жұмыстарын белсендіру.
Әдіскер Д.М.Хизирова












