1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Приозерск  қаласының «Айналайын» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 2:

-   «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет-1;

-  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға  біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет-1

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді,

Тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-2

Қағаз нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны-2

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны-2

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Приозерск  қаласының «Айналайын»  бөбекжайында 2020 жылы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша -50 өтініш қабылданып толық қанағаттандырылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға  біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша өтініш саны-0.

 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

«Приозерск  қаласының «Айналайын»  бөбекжайында  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мекеменің II қабатында ақпараттық тақтайшасы орнатылған және  бөбекжайдың 
http://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/ веб сайтында орналастырылған.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында

ата-аналар жиналыстарында және ата-аналар бұрышында ақпарат беріледі. Сонымен қатар ата-аналармен жеке сұхбат ретінде жеткізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын тіркеу журналы ашылған. 2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.