2015 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Приозерск қаласының «Айналайын» бөбекжайында  «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Қарағанды облысы білім Басқармасы басшысының кеңесшісі, әдіскер, Ы. Алтынсарин атындағы КАО корреспондент мүшесі, профессор, т. ғ. к. Контаев С.С., Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Бугубаева А.Д., Қарағанды облысының әр ауданынан келген    білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі мекеме   директорлары, әдіскер, тәрбиешілер, Приозерск қалалық  әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Чалгинбаева А.Қ. және   әдіскерлері қатысты.

      Семинардың мақсаты – «Айналайын» бөбекжай мамандарының жоба бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу барысындағы әдістерімен таныстыру, насихаттау және бөбекжайда тәрбие алатын ерекше балаларды қоғамға бейімдеудің маңызын көтеру. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгерістер енгізу,ерекше балаларды әлеуметтендіру.Бөбекжайымызда екі жылдан бері баланы  тұлғалық дамытуға негізделген және қалыпты дамып келе жатқан балалармен қоса ерекше балаларға бірге тәрбие беру мақсатында «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори технологиясын енгізу» жобасы жүргізіліп келеді. Осы жобамен жұмыс жасау барысында бөбекжайымызда   стандартқа сәйкес бес білім саласын қамтитын әртүрлі сегіз зертханалар ашылған болатын.

   «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, бала бойындағы ерекшелікті дер кезінде байқап, оны әрі қарай дамыту әр тәрбиешінің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Бұл зертханалардың басты мақсаты: бүлдіршіндердің бойындағы шығармашылық қабілеттерін, дарындылығын ашу, баланың қызығушылығын ояту және бойындағы ерекше қасиеттеріне  жол табу.

     Семинардың теориялық бөлімін қалалық білім беру бөлімнің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Чалгинбаева А.К. ашты. Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Бугубаеваға А.Д.  құттықтау сөз сөйледі. Келесі сөз кезегі семинардың модераторы және жобаның ғылыми жетекшісі Қарағанды облысы білім Басқармасы басшысының кеңесшісі, әдіскер, Ы. Алтынсарин атындағы КАО корреспондент мүшесі, профессор, т. ғ. к. С.С. Контаевқа берілді.

    Теориялық бөлімін «Айналайын» бөбекжай  директоры Кульмаганбетова А. Ж. жалғастырды. Бөбекжай директоры семинар қатысушыларына қазіргі заманауи білім беру негізінде, бала тұлғасын қалай жан-жақты дамуына ықпал етуге болатыны туралы және бөбекжайда осы екі жылда атқарылып келе жатқан тәжірибелік-эксперименттік жұмыстармен   таныстырып өтті.

     Семинардың практикалық бөлімінде сегіз зертханадағы,    монтессори даму бөлмесіндегі және «Қызықты математика» атты    шебер сыныптары көрсетілді. Сонымен қатар шебер сыныптарда мемлекеттік тілді дамыту, ағылшын, орыс тілін үйрету жұмыстары қолға алынғандығы көрініс берді.

 Шебер сыныптар арасында әртүрлі бой сергітетін психологиялық жаттығулар өткізіліп тұрды.

     Семинарға келген қонақтар таңертеңгі сағат 09.00-дан кешкі сағат 17.00 «Айналайын» бөбекжайының жұмысымен, тыныс-тіршілігімен танысып отырды. Барлық тыңдаушылар практикалық оқу іс-әрекеттері мен шебер сыныптарға   қатысып, белсенділік танытты.  Семинарға қатысушылар теориялық және практикалық тұрғыдан көптеген ақпарат алды деген ойдамыз. Облыстық семинарға қатысушылардың пікірлерімен, алған әсерлерімен, ойларымен, ұсыныстарымен бөлісу мақсатында «Алма ағашы» атты рефлексия өткізілді.

     Рефлексия қорытындысы бойынша:  «Айналайын» бөбекжайында өткен облыстық семинар «жоғары деңгейде» өтті деген бір ауыздан берілген баға болды.

    «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші бөбекжай  ұжымы ұйымшылдық танытып, ұжымның әр мүшесі ерінбей еңбек етіп, бала тәрбиелеуде үлгілі еңбектерімен, шығармашылық ізденістерімен, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының бөбекжайға деген сенімін, жүктелген міндетін абыроймен атқарып,  облыстық семинарды жоғары деңгейде өткізді десекте болады.

       Мектепке дейінгі тәрбие жұмысындағы басты тұлға – бөбекжай директоры. Ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне білетін директорымыз Кульмаганбетова Айткуль Женисовна бөбекжай ашылған күнінен бастап директор қызметін атқарып келеді. Осы  ісшара  «Айналайын» бөбекжайының   он жылдығына орай  өткізіліп отырғандығын айта кетейік. «Айналайын» бөбекжайының осы он жылдағы атқарылған жұмыстарына көз жүгіртсек, талай өзгерістер, биік белестер алынды десекте болады.

   Бөбекжайымыздың  іші сыңғырлаған бала күлкісіне, бала шаттығына толсын, алдағы алар белестері биік, тамыры терең болсын!