В детском саду Айналайын, в старшей группе Карлыгаш провели открытое занятие на тему «Труд человека в промышленности». На занятий дети узнали много интересного, воспитательница рассказала детям в какой промышленности работают люди. Детишки тоже потрудились, девочки с интересом поливали цветы, а мальчики собирали листья. Дети с интересом отвечали на разные вопросы.
Тақырыбы: «Өнеркәсіптегі адам еңбегі»
Ересектер «Қарлығаш» тобында ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Өнеркәсіптегі адам еңбегі
Мақсаты:
Білімділік: Өнеркәсіптегі адам еңбегімен таныстыру, өнеркәсіптегі еңбек адамдарының мамандықтары жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: өндіріс, өнім туралы жалпы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, әртүрлі суреттер
Билингвальды компонент: адам еңбегі-труд человека,өнеркәсіп-промышленость, шикізат-сырье.
|
Жұмыс кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеттері |
Балалардың іс – әрекеттері |
|
Мотивациялық қозғаушылық.
|
Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына тұргызады. Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, апайлар! Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. Достарды көргенде Қуана қарсы аламыз.
|
Балалар шеңберге тұрып бірге қайталайды.
|
|
Ұйымдастыру - іздестіру.
|
-Балалар, «еңбек» деген сөздің мағынасы не? Адамдар не үшін еңбектенеді? -Әртүрлі салада еңбек ететін адамдарды қалай атаймыз?-Қаңдай мамандықтарды білесіндер? Ата-аналарың қай жерде еңбектенетінің білесіндер ме? -Өнеркәсіп деген не? -Өнеркәсіпке нелер жатады? -Мен сендерге ең «тәтті»өндіріс туралы айтқым келіп тұр. Қалай ойлайсындар, тәтті» өндірісте не өндіріледі? -Дұрыс айтасыңдар.Мына суретте «Рахат» фабрикасы бейнеленген. - « Рахат» фабрикасы Алматы қаласында орналасқан. -Фабрикада еңбек ететін адамдарды қалай атайды? Демонстрациялық материалмен жұмыс. -Ал мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Тігін фабрикасында кімдер жұмыс істейді? -Тігін фабрикасының дайын өнімдері қалай аталады? -Киім тігу үшін тігіншіге қандай құралдар қажет? -Киім тігу үшін ең алдымен қандай іс-әрекеттер орындалады? -Киім тігу үшін тігін фабрикасына қандай шикізат жеткізіледі? -Дайын матаны немен жеткізеді? -Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? -Машинаның адам өміріндегі маңызын атаңдар? -Машина жасау үшін қандай материал қажет? Билингвальды компонент. Адам еңбегі- труд человека, өнеркәсіп- промышленность, шикізат-сырье. Сергіту сәті: -Ал балалар қазыр біз бәріміз орнымыздан турып еңбек етеміз.Қыздар гүлге су құяды, ал ұлдарымыз мыңа шашылған жапырақтарды жинайды. -Рахмет! Орындарына отырады. |
-Адамдар табыс тауып,, отбасын асырау үшін, біреудің және өзінің пайдасы үшін еңбектенеді. -Жұмысшылар, мамандық иелері, мамандар. Балалар білетін мамандықтарын атайды,ата-аналарының жұмыс орындарын атайды. -Өнеркәсіп- өндіріс орындары, зауыт фабрикалар. Бұл жерлерде адамға қажет заттар жасалады. -Кәмпиттер. Балалар суреттерді көріп, әңгімелейді. -Әртүрлі кәмпиттер, шоколодтар, мармелад, вафли, печенье, тоқаштар. -Кондитерлер. -Тігін фабрикасын. -тігіншілер, киім пішушілер, үтіктеушілер, т.б. -Киімдер. -Тігін машинасы, қайшы, жіптер. -Дайын мата. -Жүк көлігімен. -Машина жасау зауытын.
-Машинаны адамдар көлік ретінде пайдаланады.Әртүрлі мамандықтарға арналған арнайы көліктер, адамдарды тасу үшін жолаушылар көлігі т.б. қажет. -Темір. |
|
Рефлексивті – түзетушілік.
|
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс әрекетінде алған білімдерін пысықтайды. Тәтті өндірісте не өндіріледі? -Тігін фабрикасында кімдер жұмыс істейді? -Тігін тігу үшін тігіншіге қандай құралдар қажет? - Машина жасап шығаратын зауытты не деп атаймыз? -Машина, автобус, жүк таситын машина адамдарға не үшін қажет?
Дидактикалық ойын «Кім тапқыр?» Ойынның шарты: жерге суреттер қойылады. Балалар шеңбер бойы музыка ырғағымен айналып жүреді.Музыка тоқтағанда балалар бір-бір суретті алады. Қай суреттегі зат қандай өндіріске жататынын айтады. |
Сұрақтарға жауап береді, бір-брінің жауаптарын толықтырады. Шоколад, әр түрлі кәмпиттер, печенье, вафли. -Тігіншілер. -Қайшы, мата, ине, жіптер. -Машина зауыты. -Машинаны адамдар көлік ретінде пайдаланады. Адамдарды тасу үшін жолаушылар көлігі бар. Жүк таситын арнайы жүк көлігі бар. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сурет бойынша оз ойларын айтады, сұрақтарға жауап береді.
Түсінеді: өндіріс, өнім, адам еңбегі туралы жалпы ұгымдары; барлық еңбек түрінің бір-бірімен байланысты екенін, адамдар бір-бірінең қажеттілігін өтеу үшін еңбектенетіні туралы түсініктерді;
Қолданады: өндіріс, өнім туралы жалпы білімдерін.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/ru/meropriyatiya/427-trud-cheloveka-v-promyshlennosti.html#sigFreeId8635eb430d












