Ертеңгілік    Тақырыбы: «Тәуелсіздік теңдігімнің –белгісі!»

Тәрбиеші: Алинбаева Р.Т.                                            

Қырықбаева Р.Р.

Мақсаты: Балалардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, сыйластыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайт, зал шарлармен әдемі безендірілген, балалар мерекелік киіммен қолдарында шарлар мен гүлдер .

Музыка  әуенімен  залға  кіреді.
І – жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты қонақтар, әріптестер, балалар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-дың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік теңдігімнің –белгісі!» атты  ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Ертеңгілігімізге  қош келдіңіздер.
ІІ – жүргізуші:16 – желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді..
І – жүргізуші:Міне, осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан батырлары Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаевтардың рухына тағзым етіп, еске алу – ұлттық парызымыз.

ІІ – жүргізуші: Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.

16-шы желтоқсан -                      О.Әмір                                                               Тәуелсіздік алған күн                                                                                                       Мерекеге ел тосқан, 

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады,                          Аиша

Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік - ұлы той.

 

Аралаймын алаңды,                         Дінмұхаммед

Тәуелсіздік күніме

Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.

16-шы желтоқсан -                       Данара                                                                Тәуелсіздік алған күн
 Мерекені ел тосқан,
 Шырқатып ән саламыз.

 

Тәуелсіздік жолында,                      Т.Әмірхан
Талай-талай тер төккен.
Билігің өз қолыңда,

 Еркіндігім, елдігім.

 Шықты тарап ой данадан,            Ақерке                                                                 Бері қарады жұлдыз беті.
 Өзі қалап, сайлап алған,
 Елімнің бар президенті.

Ол да алмай жанын салды,                    Ринат
Жету үшін мұндай сыйға.

Нұрсұлтан ата - ел басшысы,
 Көгіңдегі тудай сыйла.

І-жүргізуші: Қазақ елі бүкіл елге танылды.Қазақстанның осы күнге дейін  жеткен жетістіктері қаншама. Біз Қазақ елімен мақтана аламыз.

 Ән: «Отан туған еліміз»

Ойын: « Ғимарат тұрғызу » балалар үшеу – үшеуден екі топқа бөлініп, ғимараттарды құрастырады. Біреуі – бәйтерек, көпкабатты үй.

Бақытты боп жүргенім -              Н.Інжу                                                                         Сенің арқаң, Қазақстан!
 Елім - менің тірегім,
 Құшағында гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым,                 Ж.Інжу                                                            Тірегімсің, Қазақстан.
 Мәңгі соғып тұратын,
 Жүрегімсің Қазақстан.

Отанның қасиетті тілін сүйем,             Ақниет                                                           Отанның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Толтырған гүлге даланы,           Арай                                                                   Жайнатқан ауыл-қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным.

 

Би: Егемен елімде

ІІ-Жүргізуші: Біздің өз елтаңбамыз бар ,туымыз бар,ән ұранымыз бар.Әдемі қалаларымыз,астанамыз Астана қаласы бар.

 

 Аспан түстес көгілдір,          Нұрдәулет

 Тік бұрышты матаның.
 Ортасында төгіп тұр,
 Күн жаяды шапағын.

 Астында оның қалқыған,     І.Каусар
 Қыран құстың бейнесі.
 Азат елдің шалқыған,
 Көңілі деп білерсің.

Қатар шапқан қос тұлпар,             Нұртілек                                                                               Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.

Қара шаңырақ ел күні,             Еркеназ                                                                         Асқақтатып тұр мұңы.
Елтаңбасы елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
                                                                                                                                        І-жүргізуші: Ұлтымызды дүниеге танытатын кішкентайғана бүлдіршіндеріміз қазақ күресін көрсетеді.

 Ер балалар бел күреске шығады.    

 

Отан дейміз от жаққан жерімізді.              Ерасыл

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,             Жанерке
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

1.    Туған жер - алтын бесік.          Шамил

 

2.    Отан - оттан да ыстық.              Мадияр

 

3.    Өз елім - өлең төсегім.              Дияр

 

4.    Туған жердей жер болмас.         Р.Каусар
        Туған елдей ел болмас.

5.    Туған жерге туыңды тік.         Т.Рамазан
 
Жүргізуші: Міне, қымбатты балалар,қонақтар,мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып бүгінде әлемге танылды.Қазақстан мемлекеті

қазіргі күнде бай да бақытты.Олай болса бізде бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! Қазақстанымыз көркйіп, жайнай берсін! Аспанымызды бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!