Бүгін, қазіргі әлемде өмір сүріп, біз еліміздің тарихын, ата-бабаларымызды білуге және оны мақтан тұтуға міндеттіміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту үшін тың ұсынысты алға тартты. Елбасының мақаласын мұққият оқып шықтым. Мақалада Мемлекет басшысы төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін ұрпақтың болашағы зор болатындығын айтты.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатының ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек – бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Ұпақтарымызды парасатты да бойында азаматтық намысы бар елін, жерін сүйетін азамат етіп өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.
Өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмнің құндылықтарын қалыптастыру балабақшадан басталады. Сондықтан, «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты жобалары жүзеге асырылса, бұл дегеніміз біздің бабаларымыздан жалғғасып келе жатқан бай мәдени мұрамыз, қайта жаңғырып, ззамануи үлгіде әлем елдеріне жол тартады.
Біздің тарихымыз - Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендірудің қозғаушы күші, бұлағы.













